Атыраулықтар қос чемпионға ат мінгізді

30 қазан күні Атырауға «FIGHT NIGHTS GLOBAL» чемпионы Жалғас Жұмағұлов пен М-1 чемпионы Сергей Морозов келді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қос чемпион «Жайық» спорт кешенінде мұнайлы астанадағы жанкүйерлерімен кездесті. Жүздесу барысында чемпиондар атыраулықтардың қонақжайлығына ризашылықтарын білдірді.

koschem4

- Атырауға келген сайын бізді жоғары деңгейде күтіп алады. Бүгінгі кездесуді ұйымдастырып жатқан барша ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Өздеріңіздей бізді қолдайтын ел барда, біздер әрқашан жеңіске жететінімізге сенімдімін, - дейді, Сергей Морозов.

k

Сондай-ақ, кездесу барысында чемпиондар жанкүйерлердің сауалдарына жауап беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

k

- Менің FIGHT NIGHTS-пен келісім шартым аяқталды. Ендігі кезекте UFC-ға шығуға жұмыстанып жатырмын. Келесі жылы шығып қалуым мүмкін, - дейді Жалғас Жұмағұлов.

Өңірімізге келген қос чемпионына атыраулықтардың атынан ат мінгізді. Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов 19 қазан күні Сочи қаласында өткен аралас жекпе-жектен ресейлік Әли Багаутиновпен кездесіп, жеңіске жеткен болатын. Осылайша, өзіне тиесілі Fight Nights Global чемпиондық титулын сақтап қалды.

k

Сонымен қатар, 19 қазан күні, Сергей Морозов американдық Джош Реттингхауспен кездесу өткізді. Төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жеткен Сергей М-1 Global титулын қорғап шықты.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет:ӨҚК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT