Ізгілік бесігін тербеткен

Ауданымызда ауыл тұрғыны, І топ мүгедегі Александр Чечинге қазіргі заманғы қол арба алу мақсатында «Жайық жастары» тобы мен «Ер жүректілер» мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубының ұйымдастыруымен , «Жылаған жанға үміт сыйлайық!» атты қайырымдылық концерті және үстел теннисінен турнир өтті.

«Жайық жастары» тобының қайырымдылық кешін «Исатай-Махамбет» мешітінің бас имамы Ержан Иманғалиев ашып, А.Чечиннің тезірек жазылып кетуіне тілектестік білдіріп, мешіт жамағатымен ақылдаса отырып жинаған қаражаттарын ұсынды.

Мың бұрала билеген бишілер «Қазақ» биі көрерменге тарту етті. Сарытоғайлық Н.Салимов, Алға ауылының өнерпазы С. Тілеген,жалғансайлық Қ.Жұмашев, Сарайшық ауылынан келген Т. Қабипов, мүмкіндігі шектеулі өнерпаз Т.Ермұрат, Бейбарыс ауылынан келген А.Гулямов, махамбеттік Е.Аққайсиев, М.Қабешов, А.Құбылбай сынды өнерпаздар әуелете шырқаған әсем әндерімен көрерменге керемет көңіл-күй сыйлады.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Амангелді Сисенов «Жайық жастары» тобына шынайы ризашылығын білдіріп, «Алғыс хат» тапсырды. Кештен түскен бар қаражат А.Чечинге табыс етілді.

Ал үстел теннисінен өткізілген турнирге 54 спортшы қатысты.Аудандық мәслихат хатшысы М.Мырзашев қатысушыларға тек сәттіліктер тіледі. Атырау облысы мүгедектер спорт клубының үстел теннисінен халықаралық дәрежеде аға жаттықтырушы Г.Иманалиева, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Е.Андашев, «Ержүректілер» мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубы басшысы М.Куангереев те ақжарма тілектерін арнады. Жарысқа қатысуға тілек білдірген 54 спортшы жас ерекшелігіне байланысты үш топқа, атап айтсақ, 16-18 жас, 18-35 жас, 35-60-тан жоғары деп бөлініп, өзара бақ сынасты. Нәтижесінде қатысқан 54 адамның 9-ы жүлделі орындарды иемденді. Атап айтсақ, 16-18 жас аралығынан Е.Қазиев(Атырау) жүлделі І орын алса, А.Қайса(Ақтоғай)-2 орын, А.Өтежанов(Д.Төленов м/г)-3 орынды қанжығасына байлады. Сондай-ақ 18-35 жастан жүлделі І орынды Насиха Махамбет(Атырау), ІІ орынды К.Қониев(Атырау), Р.Орынбаева(Атырау) жеңіп алды. Ал 35-60-тан жоғарылар арасынан Б.Имақов(Махамбет)-1 орын алса, ІІ орынға М.Куангереев, ІІІ орынға А.Күнтазиева ие болды. Алпыс жастан асқандар арасынан сарытоғайлық Карим Сейджанов, мемлекеттік қызметтің ардагері Ұзақбай Төлегенов «Үздік ойыншы» атанды.

А.Текебай.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT