Головкин келесі айқасын Қазақстанда өткізуі мүмкін.
IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақ санатындағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Эдди Хирн GGG-дің поляк Камил Шереметаға қарсы жекпе-жегі 11 сәуірде Қазақстанда өтуі мүмкіндігін мәлімдеді.
Sports.kz осыған қатысты ҚР Кәсіпқой бокс федерациясының президенті Виктор Демьяненконың пікірін білді. «Жалпы, бәрі мүмкін, бастысы телеарна Қазақстанды қолдаса болғаны. Бірақ Головкин біздің елде Хирн немесе басқалар қалағандай ақша таппайды. Қазақстан спортын таныту үшін мұндай матч өткізу, әрине, үлкен жұмыс болар еді. Техникалық тұрғыдан алғанда жақсы шешім», - деді сала маманы.
Дереккөз:inform.kz