Дзюдодан 2020 жылы өтетін Қазақстан Республикасының чемпионаттары қай уақытта, қай жерде өтетіні белгілі болды.
ҚР Дзюдо федерациясы хабарлағандай, 2020 жылы күнтізбе бойынша дзюдодан барлығы 6 ел біріншілігі өтпек.
Нақтылап атап өтсек, 2003-2004 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты 6-11 ақпан күндерің Қостанай қаласында, өтсе, 2000-2002 жылдары туған жастар арасындағы Қазақстан Чемпионаты 4-9 наурыз күндері Тараз қаласында өтеді. Ал 23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер (өтпелі) арасындағы Қазақстан Республикасының ашық Чемпионаты 27-30 наурыз күндері Нұр-Сұлтан қаласында өтпек.
2004-2005 жылдары туған спорт-интернат оқушылары арасындағы Қазақстан Чемпионаты 1-6 мамыр күндері Орал қаласында өтсе, 2005-2006 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Чемпионаты 17-20 маусым күндері Түркістан облысы, Шардара қаласында өтеді.
Сонымен қатар, ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты 3-8 қараша күндері Атырау қаласында өтетін болып белгіленді.
Дереккөз:inform.kz