Ерлі-зайыпты Саян мен Перизат: Жүгірудің пайдасы зор

Келіншегім Перизат екеуміз күн ара кешкісін аудандық орталық спорт кешеніне барып, жүгіруге арналған айналма жолмен жүгіріп, жаттығулар жасаймыз.

Өйткені, адамның ең бірінші байлығы өзінің денсаулығы. Жүгірудің қан айналымын жақсартуға оң әсерін тигізетіні белгілі. Қан айналым қалыпты болса, адамның миы да өзінің міндетін мүлтіксіз атқарады. Есте сақтау қабілеті артады. Қазіргідей ақпараттың қисапсыз көп заманында есте сақтау қабілетінің маңызы зор екені анық. Ұйқысы қанық болады. Ұйқысы қанық адамның көңіл-күйі де көтеріңкі болады. Бет-әлпеті де әдемілене түседі. Өзім өзге де әріптестеріммен бірге аудандық, облыстық спорттық жарыстарға қатысып жүрмін. Мерекелік шаралар кезінде ұйымдастырылатын спорттық шаралардың да үнемі бел ортасында жүремін деп айта аламын.

Ауырып, миллиондаған қаржыға ем іздегенше, спортпен айналысып, ауырмаудың жолын іздеген орынды деп білеміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT