Елімізде 48 565 мүмкіндігі шектеулі жан спортпен міндетті шұғылданады

Жалпы, Паралимпиадалық спорт түрлері бойынша елімізде 15 спорт түрі дамытылуда. Ұлттық құрамада 484 спортшы бар.

Олармен 34 бас және аға жаттықтырушы жұмыс істейді. Штаттағы спортшылар саны - 112. Орталық коммуникациялар қызметінде  ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев осындай мәліметтерді келтірді.

«Елімізде мүмкіндігі шектеулі тұлғалар арасында 15 паралимпиадалық, 21 сурдолимпиадалық және паралимпиада ойындарының бағдарламасына енбеген 8 спорт түрі дамытылған. 2021 жылдың қорытындысы бойынша мүмкіндігі шектеулі адамдар саны 696 825 адам құрады, оның 48 565-і спортпен міндетті шұғылданады. Республика бойынша әр өңірде мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған аранйы 17 спорт мекемесі жұмыс істейді. Бүгінгі таңда, елордада мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған мамандандырылған спорттық кешен жұмыс істеуде. Мамандандырылған спорттық кешеннің құрылысы Ақтөбе облысында жүзеге асырылуда. Министрлік әкімдіктермен бірге осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыратын болады», - деді спикер.

Комитет төрағасының айтуынша, алдағы паралимпиада ойындарына дайындық халықаралық тәжірибеге сүйене отырып жүргізіледі. Қазіргі таңда параспорт түрлері бойынша шетелдік кеңесшілерді тарту қарастырылып жатыр. Сонымен қатар, Париж және Милан паралимпиадаларына арнайы бағдарлама әзірленіп, ұлттық паралимпиада комитеттерімен бірлесе жұмыс жүргізілетін болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT