Ел Президенті әлем чемпионатында олжа салған боксшыларымызды құттықтады

Сербияда бокстан әлем чемпионаты аяқталды.

Бұл  додада Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлде еншіледі. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев твиттер парақшасында ұлттық құраманы  құттықтады.  «Бокстан әлем чемпионатында алтын алған Теміртас Жүсіпов пен Сәкен Бибосыновты,  күміс олжалаған Махмұд Сабырхан мен Серік Теміржановты және ұлттық құрама капитаны, қола жүлдегер Абылайхан Жүсіповті шын жүректен құттықтаймын. Елдің атын шығарар ерлерімізге табыс тілеймін» делінген құттықтауда.

Айта кетейік,  жарыстың соңғы күні отандасымыз, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов әлем чемпионы атанған болатын. Әлем біріншілігін қарқынды бастаған ол алғашқы  кездесуінде өзбектің әйгілі Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматовты жеңген болатын.

 

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT