Чемпионаттан жүлделі оралды

Жуырда Атырау қаласының орталық спорт кешенінде каратэ - до кекушинкайдан балалар, жасөспірімдер және қыздар арасында ҚР чемпионаты мен әйелдер, ерлер арасында ҚР кубогіне еліміздің 300-ден астам спортшыларын жинап, бақ сынады.

Екі күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша Атырау облысының құрамасы жоғары деңгейде жекпе-жек көрсетіп, 5 алтын, 8 күміс және 9 қола медальға қол жеткізді.

c

Оның ішінде махамбеттік каратэшілерден жүлделі 1 орынды 55 келілік салмақтағы Сабина Сабыржан(14-15 жас), 40 кг салмақтағы Шұғыла Самат(10-11 жас) иемденсе, 2 орын 16-17 жас аралығында 55 келілік салмақтағы Зүлфия Жайдарқызы, 60 кг салмақтағы Марта Төлешова(16-17 жас), 40 кг салмақтағы Медина Муса(10-11 жас), 45 келілік салмақтағы Эльвира Абилтаеваға(12-13 жас) бұйырды.

c

Ал жүлделі 3 орынға 16-17 жас аралығындағылардан 55 кг салмақтағы Камилла Сабирова, 60 келілік салмақтағы Нұрилла Қашаубаева(12-13 жас), 55 кг салмақтағы Айша Қабдол(12-13 жас), +45 келілік салмақтағы Аружан Нұржайыққызы(10-11 жас), 10-11 жас аралығындағылардан 35 кг салмақтағы Ұлжан Ризабекқызы ие болды.

Жаттықтырушысы Айшуақова Айгерім

К.Сапарқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521