Ақсәуле Татарстаннан жүлдегер атанды

2019 жылдың 15-19 қараша аралығында Ресей Федерациясы Татарстан Республикасының Уфа қаласында жекпе-жек түрлерінен студенттер арасында 17-25 жас аралығында қыздар арасында II ашық Еуразия ойындары өтті.

Бұл жарысқа Армения,Дағыстан, Мәскеу, Қырғыстан, Башқұртстан,Түркіменстан, Әзірбайжан,Белорус, Өзбекстан және Тәжікстан тағы көп елден жастар сынға түскен.Аталған жарысқа махамбеттік Қ.Қалыбеков орта мектебінің түлегі, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университетінің I курс студенті, Махамбет балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Ақсәуле Нығметова қатысып, белбеу күресінен III орынды және самбо күресінен III орынды жеңіп алды.

a

Айта кетерлігі, Қазақстан бойынша бес жылдан кейін қатысып тұрған жүлдегер екен.

Махамбет ауданының спорт мектебі Маметов Аманкелді ағайынан бастау алып, Ақтөбе қаласында күрес жолын жалғастырып, Естілеуов Сағдат пен Еркін Жетімеков ағайларының дайындауымен осындай жетістікке жеткізді.

 

К. Сапарқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521