Ағымдағы жылдың ақпан айының 5-9 аралығында бокстан Атырау облысында іріктеу біріншілігі болып өтті.
Сол іріктеуден Қ.Қарашаұлы атындағы орта мектептің 7 сынып оқушысы Айтуар Жеңісбаев іркіліссіз өтіп, көршілес Ақтөбе облысының Шалқар ауданында ұйымдастырылған Батыс аймақтық Қазақстан біріншілігіне жолдама алды.
Ал ақпанның 11-16 аралығында өткен үлкен көлемдегі спорттық шарада үздіктер қатарынан көрініп, жүлделі ІІІ орынды қанжығалап келді.
64 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Айтуардың қарсыластары да осал болмаған сыңайлы. Себебі аталмыш додаға Батыстың төрт облысынан және де Қызылорда қаласынан да спортшылар келіп қатысқан.
Жас та болса жеңісті қолдан бермеген жерлесіміздің бапкерлері Қалмұрат Торбаев пен Мейірлан Қайрошев Айтуардың болашағынан зор үміт күтетіндерін айтты.
А.САТАЕВА