Алғалықтар аудан намысын қорғады

Волейболдан Құлсары қаласында өткен жарыста Алға командасы І орынды иеленді.

Жақында Құлсары қаласында спорт ардагері, Жылыой ауданы құрама командасының ойыншысы, облыстық, республикалық жарыстарға қатынасушы Құлжанов Сүлеймен Хамитұлын еске алуға арналған волейболдан облыстық ашық турнирі өтті.

Жарысқа барлығы 9 команда қатысты. Атап айтқанда, Қызылқоға,Жылыой, Жылыойдың ардагерлер командасы,Құрманғазы, Құлсары 1, Құлсары 2, Бейнеу 1, Бейнеу 2, Махамбет ауданынан Алға командалары қатысты.

Тартысты ойында Алға командасы І орынды иеленді.

a

Сонымен қатар  Рүстем Мусин «Үздік ойыншы», Қуаныш Орынбасаров «Көрермен көзайымы» атақтарына ие болды.

Кенже САПАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT