Баскетбол алаңы ашылды

Махамбет ауылынан баскетбол ойынына арналып салынған алаң пайдалануға берілді. Бұл ауданнан бой көтерген он алтыншы спорттық нысан.

Жаңа нысанның халық игілігіне берілуі спорт сүйер қауым ғана емес, жалпы аудан жұртшылығы үшін қуанышты жаңалық болды. Демеушілік көрсеткен «ЕмбіМұнайГаз» серіктестігінің басшылығы. Құрылысын жүргізген — «ТрансСтройИнжиниринг» мекемесі. Айта кетейік, алаң Жастар саябағынан орын тепкен. Талапқа сай салынған ашық аспан астындағы заманауи алаң алдағы уақытта деңгейі жоғары жарыстар ұйымдастыру үшін таптырмас орын боларына сеніміміз мол. Салауатты өмір салтын насихаттап, халықтың спортқа деген ынтасын арттыру мақсатында іске қосылған спорттық нысан ұзағынан қызмет етеріне сенеміз.

Қазбек АЙТҚАЛИЕВ,

«Жас Отан» ЖҚ-ның белсенді мүшесі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521