Жақында Атырау қаласы "Мұнайшы" спорт кешенінде Қазақ күресінен 2003-2004 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионатына облыстық іріктеу өтті.
Ауданымыздың балуандары 50 кг Пастухов Алмаз және 82 кг –нан жоғары Бақтыгерей Бекзаттар қарсыластарының бəрін жеңіп, өз салмақ дәрежелерінде чемпион атанды.
Ал 70 кг салмақтағы Балабаев Алишер 3 қарсыласын жеңіп, тек финалда ғана ұтылды. Сонымен қатар 55 кг салмақта Бисен Жігер ІІІ орынға ие болды.
Осы қатысқан балуандарымыз сəуір айында Шымкент қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама алды.
Жаттықтырушылары Асет Кабенов пен Амангелді Маменов.
К.Сапарқызы