Қазақстан Республикасы Гимні авторларының бірі, белгілі ақын Жұмекен Нәжімеденовтің рухына арналған бокстан 2010-2011 жылы туған кіші жасөспірімдер арасындағы республикалық ашық турниріне Махамбет ауданының спортшылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Жарыста көршілес Өзбекстан Республикасы мен Астана қаласы, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облысынан барлығы 300-ге жуық боксшы бақ сынасты. Турнир нәтижесінде Д.Төленов атындағы орта мектебінің оқушысы Саян Ерсайын 55 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанды.
Қосарал орта мектебінің оқушысы Жігер Қуаныш күміс жүлдеге ие болса, Д.Төленов атындағы орта мектебінің оқушысы Арман Есенжанов, Е.Ағелеуов атындағы орта мектебінің оқушысы Бейбарыс Қайратұлы және А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектебінің оқушысы Глеб Сумкин қола жүлдегер атанды.
Жаттықтырушылары: Қалмұрат Торбаев, Жәнібек Қапуанов, Ерасылан Естаев және Мейірлан Қайрош.