Ауыл спорты даму сатысында

Мемлекет басшысы қазақстандықтардың кемінде отыз пайызының спортпен айналысуын міндеттеп, спорттың бұқаралығын арттыруға баса көңіл бөліп отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа Жолдауында: «Қаржы тапшылығы кезінде мемлекет бюджеті есебінен кәсіби спорт клубтарын толықтай қамтамасыз етудің қажеті жоқ. Мемлекеттің және квазимемлекеттік компаниялардың бюджетінен миллиардтаған теңге тиімсіз жұмсалуда. Бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керек. Әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажет»,- деген болатын. Иә, қазіргі әлемдегі экономикалық жағдайға бейімделіп, қаржы үнемдеу саясатын ұстанған президенттің айтқанымен келіспеске болмайды. Ал спорт үйірмелерін ашуда Махамбет ауданында ілкімді істер жасалуда.

Айта кетсек, Сарытоғай, Ақтоғай, Таңдай, Талдыкөл, Бейбарыс, Алға және Ақжайық ауылдарында мектеп оқушыларын спортқа баулу үшін спорт бөлімшелері жұмыс жасауда. Спортқа ден қойып, талай додада жүлде салып жүрген жастарымыздың барын айта кеткім келеді. Оның ішінде жасөспірімдер арасында 8, бокстан 9, тоғызқұмалақтан 3 «спорт шеберлігіне үміткер» бар. Баскетбол, волейбол үйірмелеріне қатысушылары да облыстық мектеп лигаларына қатысып, жүлдегерлер қатарынан көрініп жүр.

Ауыл балаларының спортпен шұғылдануына жағдай жасау үшін ашық спорт алаңдарын, қажетті құралдармен жабдықталған тренажерлар салу жұмыстары ауданда соңғы жылдары қарқын алып келеді. Сондай-ақ, жаңадан бой көтеріп келе жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталып, аудан халқынының спортқа деген көзқарас-ниетін арттырады деген сенімдеміз. Ал біздің спорт мектебімізге келіп, футбол, волейбол, баскетбол, дзюдо, бокс, тоғызқұмалақ үйірмелеріне қатысушы жастарға есігіміз әрдайым ашық.

Абат ҚАБЕНОВ,

мәслихат депутаты,

аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT