Атыраулық студенттер Каспий ойындарында жүлдеге ие болды

Ресей Федерациясының Астрахан облысында өтіп жатқан «Каспий ойындары» VII Халықаралық студенттік спорттық универсиадасының алғашқы күнінде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің спортшылары екі күміс медальді еншіледі.

Жеңіл атлетикадан 1500 метр қашықтықта сынға түскен І курс студенті Гүлхан Шыңғысхан ІІ орынды иеленсе, IV курс студенті Альфия Мұхиденова төртінші орынға тұрақтады. Сонымен қатар, 3000 метр қашықтыққа жүгіруден Гүлхан Шыңғысхан тағы бір күміс жүлдеге қол жеткізді, ал Альфия Мұхиденова үшінші орынды иеленіп, қола медаль алды.

Сонымен қатар, Атырау университетінің фиджитал-футбол командасы ақтық сынға шығып, финалда сайыс қожайындарына есе жіберіп, күміс медальді жеңіп алды. Ал баскетбол командасы алғашқы ойында Астрахан мемлекеттік техникалық университетінің командасын 64:100 есебімен жеңіп, жарысты сәтті бастады.

Айта кету керек, Каспий маңы мемлекеттерінің университеттері арасындағы халықаралық студенттік спорт ойындары жетінші рет өткізіліп отыр. Универсиадалар 2000 жылдан бері ұйымдастырылып келеді, ал Астрахан облысы бұл жарыстарды үшінші рет қабылдауда. Caspian Games студенттік ойындары спорт пен білім берудегі бірліктің маңыздылығын айқындап, халықаралық серіктестік пен достықты нығайтады.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT