Әзербайжан астанасы Баку қаласында таеквондодан жаттықтырушылар мен төрешілерге арналған семинар өтіп, онда қазақстандық мамандар да білімін толықтырды, деп хабарлайды Қазақстан таеквондо федерациясының баспасөз қызметі.
Халықаралық семинар қорытындысы бойынша үш қазақстандық маман халықаралық дәрежедегі төреші атағына ие болса, соның бірі атыраулық Айдана Махимова.
Айдана таеквондодан ҚР чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері. Осыған дейін көптеген Халықаралық турнирлерде төрешілік етті.