Атырау қаласында Каспий теңізі жағалауы мемлекеттері университеттерінің студенттері арасында спорттық ойындардан VI-шы Халықаралық универсиадасы болып өтті.
Оған Әзірбайжан, Иран, Ресейдің Дагестан, Калмыкия Республикаларынан, Түркіменстан және Ақтау мен Атырау қалаларының университеттерінің студенттері қатысты. Сайыскерлер 6 спорт түрінен сынға түсті. Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясы мен балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі, Х.Досмұхамедов атындагы Атырау мемлекеттік университетінің 1-ші курс студенті Айкөркем Есенболатқызы дзюдо күресінен қыздар арасында 48 кг салмақ дәрежесінде жүлделі 2-ші орынды жеңіп алды.