Алматы қаласында 26 ақпан - 1 наурыз аралығында муай-тайдан ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионатына жарыс өткен-ді.
Осы жарыста жерлесіміз Аида Хайруллина өз бағын сынаған болатын. Аиданың алғашқы жекпе-жегінде қарсыласы келмеді, екіншісінде, уақытынан бұрын жеңіске жетті. Соңғы жекпе-жекте қарсыласын 5:0 есебімен ұтты.
Осылайша Аида Хайрулина ересектер арасында муай-тайдан ҚР чемпионы атанды.
Жеңіс құтты болсын!
Өз тілшіміз