Зорлық – зомбылыққа қарсы заңдар күшейеді

«Заң тұрмыстық зорлық – зомбылыққа қарсы» семинар өтті.

Жақында аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Г.Сағыновамен Махамбет аудандық сотының 2020 жылдың І жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарына сай, гендерлік стратегияны іске асыру, отбасылық неке қарым-қатынастарында тұрған ерлер мен әйелдердің құқықтарын кеңейту мақсатында «Заң тұрмыстық зорлық –зомбылыққа қарсы» тақырыбында семинар өткізілді.

Шараға аудандық сот мамандары, полиция бөлімінің инспекторы А.Елешова және полиция бөлімінің участкелік аға инспекторы А.Калиева қатысты.

Іс-шарада гендерлік саясат туралы мәселелер де талқыланды. Аудандық соты кеңсесінің бас маманы А.Косымбаева өз баяндамасында Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою, ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік мүмкіндіктерін, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу, заман ілгерілеп, өмір дағдысы өзгерген сайын заңнамалар да барынша жаңғырып, халықтың дағдысына қарай өзгерту енгізілгенін айтып өтті.

Сонымен қатар бүгінгі таңда заңдарға енгізілген өзгерістер отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алудың ажырамас бөлігі болып табылатын ана мен балаға зорлық-зомбылық көрсетуге заңдық тұрғыда тосқауыл қойылғанын айтты. Махамбет аудандық полиция бөлімінің инспекторы А.Елешова отбасы тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтар профилактикасына 2020 жылдың 2 айымен атқарылған жұмыстарға тоқталып, қысқаша мағлұмат берді.

Шара соңында ұсыныстар мен пікірлер айтылды.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT