Еріктілер маска тігіп, оны тегін таратуда

Атырау облысында медициналық маска тапшы. Осыған орай, «Assyl collection» брендінің негізін қалаушы Асыл Дюзбаева ерекше челлендж бастады.

Ол медициналық маска тігіп, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға тарату үстінде.

«Қазіргі таңда елімізде болып жатқан жағдайларға байланысты ерікті түрде маскалар тігіп жатырмын. Бұл істі әр адам өзінен бастау керек. Егер үйіңізде тігін машинасы болса, маскаларды тігіп, қарттарға, жағдайы төмен отбасыларға тегін беріңіз. Егер тігін машинаңыз болмаса, менің ательеме келіңіз. Осы челленджді барлық тігінші қыздарға жолдаймын», — дейді тігінші Асыл Дюзбаева.

a

Сондай-ақ, қарапайым жандар да бұл маскаларды сатып алады. Одан түскен қаржы қоғамдық қорларға аударылмақ.

Дереккөз:depti.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT