Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!

 Тұрмыстық зорлық-зомбылық – отбасы тұрмыстық қатынастар ая­сында бір адамның басқаға қатысты дене зардабын және психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті. Көбінесе әйелдер мен балалар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандары болып табылады.

 Отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандарының көпшілігі – моральдық тұрғыдағы мінеуден қорқып, құқық қорғау органда­рына шағымданудан бас тартып жатады. Осыған сәйкес, әйелдер мен қыздар арасында әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, зорлық-зомбылықтың түрлері мен себептерін зерделеп, алдағы уақытта қылмыстық әрекеттерді болдырмау бағытында тиісті профилактикалық жұмыстар жасалуда.

Ағымдағы жылдың 25-қарашасы мен 10-желтоқсан аралығында ре­спублика аумағында «Зорлық- зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» акциясы бастау алды. Аталған іс-шараның мақсаты — тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, осы бағытта қабылданып жатқан ша­ралар туралы халықты хабардар ету, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту мен құқықтық тәрбиені на­сихаттау.

Әйелдерге қатысты зорлық- зомбылық әлемнің барлық аймағында таралған және кез кел­ген қоғамда кездесетін жағдай. Нәзікжандыларға қатысты зорлық- зомбылық жасау мәселесі тек нәсілдігін, әлеуметтік ортасын, шығу тегін ғана қозғап қоймай, со­нымен қатар, басқа жағдайлардан туындайды. Тұрмыстағы зорлық- зомбылық мәселесін дамыған мемлекеттердің өзі жеңе алмай келеді. Бұл құбылысты тоқтату жолдарын қоғам шешуге тыры­сады. Аталған өзекті жайт туралы тек акция қарсаңында ғана емес, күнделікті айтылу керек.

Егер сіз тұрмыстық зорлық- зомбылыққа ұшырасаңыз, бұл ту­ралы үндемей қоймаңыз. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында оның құрбандары немесе куәгерлері ішкі істер органдарына арызбен жүгінуі қажет. Жәбірленушілерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау үшін «102» жүйесіне, «111» отбасылар мен әйелдер және ба­лалар мәселесі бойынша жұмыс істейтін мемлекеттік бірыңғай сенім телефон-қызметінің не­месе зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторына 87029022920 номеріне қоңырау ша­лып немесе тұрмыстық зорлық- зомбылық жасалғаны туралы арыз­бен полицияның учаскелік ин­спекторына шұғыл түрде қоңырау шалыңыз.

А.САПАРҒАЛИЕВА,

жергілікті полиция қызметі бөлімшесі әйелдерді зорлық- зомбылықтан қорғау тобының

инспекторы, полиция капитаны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT