Төлқұжат берерде саусақ ізі алынады

 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтар төлқұжат алар кезде саусақ іздерін тапсырып, міндетті дактилоскопиялық тексеруден өтетін болды. Бұл жөнінде Ішкі істер минстрлігінде өткен баспасөз мәслихатында ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің аға инспекторы Н.Жаңабаев хабарлаған еді.

Паспорт пен жеке куәлік алған кезде азаматтар міндетті дактилоскопиялық тіркеуге енгізіледі. Дактилоскопиялық тіркеу деген не? Дактиласкопиялық тіркеу –бұл саусақтардың папиллярлық үлгілерінің құрылымдық ерекшеліктері туралы ақпарат алу. Мұндағы мақсат- азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, олардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау болып табылады. Бұл іс- шаралар жеке тұлғаларды биомертиялық сәйкестендіруді жетілдіруге бағытталған. Өз кезегінде бұл заңсыз құжаттандыру фактілерін болдырмауға, құжаттарды қолдан жасаудан, олардың иелерін алаяқтық және өзге де қылмыстылық әрекеттерден қорғауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, дактилоскопиялық тіркеу біздің азаматтарымыздың басқа елдердің мемлекеттік шекарала­рын кесіп өту процесін жеңілдетеді. Күнделікті өмірде де, жазатайым оқиғаларда да, соның ішінде, техногендік және табиғи сипаттағы жеке басын куәландыратын құжаттарды қалпына келтіру рәсімін жеңілдетіп қана қоймайды, оны жеделдетеді.

Азаматтарды міндетті түрде саусақ ізімен тіркеу кейбір туысының есте сақтау қабілетінің жоғалуына тап болған жақын адамдары үшін маңызды көмек болып табылады. Кей адамның сөйлеу қабілеті бұзылып немесе есте сақтау қабілеті жоғалуына байланысты өзі туралы ақпарат бере алмаса, саусақ іздері арқылы оның туыстарын табуына көмектеседі. Басқа шетелге қоныс аударған, паспортын жоғалтқан Қазақстан азаматына құжаттарды қалпына келтіру проблемалары туындамауы үшін Қазақстан консулдігіне жүгініп, өткен дактиласкопиялық тіркеу ту­ралы хабарлау жеткілікті. Болашақта дактилоспиялық ақпараттың арқасында заманауи смартфондар арқылы мемлекеттік қызметтерді қашықтықтан алуды одан әрі да­мыту мүмкіндігі пайда болады.

Дактиласкопиялық тіркеу үшін нені білу керек? 12 жасқа дейінгі балалардан басқа Қазақстан Республикасының барлық азаматтары, Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер дактиласкопиялық тіркеуге жатады. Соны­мен қатар, 12-16 жасқа дейінгі балалар да ерікті негізде дактиласкопиялық тіркеуге ілінеді.

Саусақ іздерін алу ХҚКО-да жеке куәліктерді, паспорт­тарды, шетелдіктің тұруға ықтиярхаттарын ресімдеу, азаматтығы жоқ адамның куәліктерін ресімдеу кезінде жүргізілетін болады. Міндетті дактилоскопиялық тіркеуден өтпеу әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 443-1 бабына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

Н.ТАШЕКЕНОВА,

аудандық полиция бөлімінің көші- қон қызметі тобының инспекторы,

полиция майоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT