Өзінің автокөлігін орта дәрежедегі алкогольдік масаң күйінде басқарған

«Электрондық қылмыстық іс» пилоттық жобасын жүзеге асыру аясында Махамбет аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен азамат А.-ға қатысты электронды қылмыстық іс қаралды.

«Электронды қылмыстық іс» жобасы (е-ҚІ) инновациялық технологияларды енгізу арқылы қылмыстық процестерді жеңілдету мен олардың мерзімін қысқартуға бағытталған. Цифрландыру саласындағы жаңа технологиялар уақытты үнемдеп, коммуникация мен басқарушылықты жеңілдетеді, сапаны жақсартып, шығындарды қысқартады. Бұл е-ҚІ-нің артықшылықтары болып табылады. Қылмыстық теріс қылық жасаған А, көлік құралын басқару құқығынан Атырау облысы Махамбет аудандық сотының қаулысымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқұқбұзушылық кодексінің 608-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқұқ бұзушылық әрекет жасағандығы үшін 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам бола тұра, өзінің автокөлігін орта дәрежедегі алкогольдік масаң күйде Атырау облысы Махамбет ауданы тұсындағы «Атырау-Орал» тас жолында алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде басқарған.

Сот отырысында сотталушы А. тағылған айыпты толықтай мойындап, Махамбет ауылы тұсындағы «Атырау-Орал» тас жолында автокөлігін өзінің бұрын ішімдік ішкен күйде автокөлікті басқарғандығы үшін көлік жүргізу құқығынан айырылған бола тұра, алкогольдік ішімдік ішіп алып, автокөлікті басқарып келе жатырған кезде полиция қызметкерінің тоқтатқандығын айтып көрсеткен.

Сотпен А. Қазақстан Республикасының 346-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 3 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыра отырып, 140 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалған. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT