Жылыту маусымы кезінде сақтық шараларының маңызы зор.
Адамдардың өмірі мен денсаулығын өрттен қорғау, әлеуметтік маңызы бар объектілер мен көп пәтерлі үйлердің,оның ішінде газдендірілген үйлердің қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында Махамбет ауданының ТЖБ-нің, №11 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, азаматтарға жадынамалар мен парақшалар тарату мен жылу шығаратын құрылғыларды, пештерді, тұрмыстық газ және электр жабдықтарын пайдаланудың өрт қауіпсіздігі қағидаларын түсіндіру бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Үйде тұрған пештер жарамды күйде болуы және өрт қауіпсіздігінің барлық талаптарын сақтауды ескере отырып, жабдықталуы тиіс. Пештерді пайдалану кезінде қарапайым талаптарды сақтау керек:
-Түтін жолдары мен пештерді күйеден тазарту;
-Жанғыш шатырдың үстңндегі түтін құбырларында ұшқыш ұстағыштар (металл торлар болуы қажет)
-Отынды, басқа да жанғыш заттар мен материалдарды оттықта орналастыру;
-Жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға, сондай-ақ балаларға қадағалауға тапсыруға;
-пештерде және олардың жанында киімді,отынды және басқа да материалдарды кептіру;
Осындай іс-шаралар жергілікті тұрғындарға нұсқау беруге, оларды өрт қауіпсіздігінің қарапайым қағидаларын сақтауға және өрттің алдын алуға мүмкіндік береді.
Құрметті азаматтар! Өртті байқаған уақытта лезде шұғыл қызметтерінің «101», «112» нөмірлеріне хабарласыңыз!
Р.Аманшаев,
Махамбет ауданының ТЖБ-нің инженері,
азаматтық қорғау лейтенанты