2019 жылғы 15 қыркүйек – 10 желтоқсан аралығында Махамбет ауданының аумағында «Учаске» атты республикалық профилактикалық іс-шарасы өткізілу үстінде.
Шара барысында Махамбет аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесімен бірлескен жоспар құрылып, пробация қызметі бөлімшесінің есебінде тұрған сотталғандар тексерілуде.
Мұндағы басты мақсат- есепте тұрған бас бостандығын айырумен байланысты емес жазаға сотталған тұлғалардың тарапынан болатын құқық бұзушылықты, қылмыстың қайталануын уақтылы анықтау үшін олардың тұрғылықты жерлері, әкімшілік деректер базасы, ішкі істер органдарының басқа да есептері бойынша тексеру болып табылады.
Профилактикалық іс-шараның алғашқы күндері есептегі адамдарды жергілікті полиция қызметімен бірлесе тексерілді. Осы шара барысында есепте тұрған барлық сотталғандардың материалдық-тұрмыстық жағдайы, нақты қайда және кіммен тұратындығы, тіркелу орны, тұрғылықты жері болуы жіті тексерілді.
А.Кабдыкайрова,
аудандық пробация қызметі
бөлімшесінің аға инспекторы,
әділет аға лейтенанты
Сурет:дереккөзден