«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын тағайындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы26 наурыздағы №142 қаулысымен бекітілгенҚазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдықдаму министрлігі Ережесінің 16 тармағы, 1 тармақшасының, жүз екінші абзацына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берілген «Жыл волонтері» халықаралықсыйлығын тағайындау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат жәнеқоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғамістері комитеті Қазақстан Республикасыныңзаңнамаларында бекітілген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан РеспубликасыныңӘділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейінҚазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдықдаму министрлігінің интернет-ресурсындаорналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділетминистрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан РеспубликасыАқпарат және
 

ҚР НҚА ЭББ-гі нақты

«РҚАО» РМК лауазымды тұлғаның ЭЦҚ мәліметі бар QR-кодқұжатқа сілтеу QR-коды

қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментінеосы тармақтың 1) және 2) тармақшаларындакөзделген іс-шаралардың орындалуы туралымәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылаужетекшілік ететін Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейінкүнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан РеспубликасыА. Балаева

Ақпарат және қоғамдық даму министрі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Сыртқы істер министрлігі

ҚазақстанРеспубликасы

Ақпарат жәнеқоғамдық даму министрі

2020 жылғы 12 қазаны

№ 339 Бекітілген

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығынтағайындау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы «Жыл волонтері» халықаралықсыйлығын тағайындау қағидалары (бұдан әріҚағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің2019 жылғы 26 наурыздағы №142 қаулысыменбекітілген Қазақстан Республикасының Ақпаратжәне қоғамдық даму министрлігі туралыереженің 16 тармағы 1) тармақшасының жүзекінші абзацына сәйкес әзірленді және «Жылволонтері» халықаралық сыйлығын тағайындаутәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдарпайдаланылады:
1) волонтер - волонтерлік қызметті жүзегеасыратын жеке тұлға;
2) волонтерлер тобы - волонтерлік қызметтібірлесіп жүзеге асыру мақсатында құрылған жекетұлғалардың тіркелмеген ерікті қоғамдастығы;
3) волонтерлік ұйым - ҚазақстанРеспубликасының заңдарына сәйкес құрылған жәневолонтерлік қызметті жүзеге асыратынкоммерциялық емес ұйым (діни бірлестіктерді, тұтыну кооперативтерін, сондай-ақ саяси партияларнемесе кәсіптік одақтар нысанындағы қоғамдықбірлестіктерді қоспағанда);
4) волонтерлік қызмет саласындағы уәкілеттіорган (бұдан әріуәкілетті орган) - мемлекет пен азаматтық сектордың өзара іс-қимылы саласындағыорталық атқарушы орган;
5) «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы(бұдан әріСыйлық) –әлеуметтік бағытталған, қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге елеулі үлесқосқан үміткерлерге берілетін ақшалай емессыйақы.

2-тарау. «Волонтер жылы» халықаралықсыйлығын беру тәртібі

3. Сыйлық әлеуметтік бағытталған, қоғамдықпайдалы міндеттерді шешуге елеулі үлес қосқанволонтерлерге, волонтерлер тобына, волонтерлікұйымдарға, халықаралық волонтерлікұйымдарға (бұдан әрі - үміткерлер) беріледі.
4. Сыйлық мынадай номинациялар бойыншаберіледі:
1) үздік волонтерлік ұйым;
2) корпоративтік волонтерлік көшбасшысы;
3) короновирустық инфекциямен күрескеқатысу;
4) тұрақты даму мақсатыныңкөшбасшылары;
5) үздік әлеуметтік көмекші;
6) төтенше жағдайларды жоюға белсендіқатысқаны үшін;
7) хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеугебелсенді қатысқаны үшін;
8) құқық бұзушылық құрбандарына көмеккөрсетуге белсенді қатысқаны үшін;
9) денсаулық сақтауды дамытуға белсендіқатысқаны үшін;
10) салауатты өмір салтын насихаттауғабелсенді қатысқаны үшін;
11) білімді әйгілеудегі үлесі үшін;
12) қоршаған ортаны сақтау және қорғау үшінқосқан үлесі үшін;
13) бейбітшілікті, достық пен келісімдінығайтуға қосқан үлесі үшін;
14) тарихи-мәдени мұраларды сақтауға жәнедамытуға қосқан үлесі үшін;
15) жануарларды қорғау мәселелерін шешугеқосқан үлесі үшін;16) әлеуметтік міндеттердішешуге қосқан үлесі үшін.
5. Сыйлықты өткізу туралы ақпараттықхабарлама бұқаралық ақпарат құралдарында, уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, волонтерлердің qazvolunteer.kz бірыңғай онлайн-платформасында, сондай-ақ уәкілетті органныңәлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарындаөтінімдерді қабылдаудың соңғы күніне дейінкемінде күнтізбелік 20 (жиырма) күнге дейінжарияланады.
6. Үміткерлердің өтінімдеріне бағалау жүргізуүшін уәкілетті орган жанында «Волонтер жылы» халықаралық сыйлығын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.
7. Комиссия құрамы уәкілетті органныңбұйрығымен бекітіледі.

Комиссия уәкілетті және мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдарөкілдерінен, қоғам қайраткерлерінен, тиістіноминациялар бойынша волонтерлік саладағысарапшылардан құралады. Комиссия құрамынаСыйлыққа үміткерлер кірмейді.

8. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ саннантұрады және он бес адамнан кем болмауы керек.

Комиссияны төраға, ол болмаған жағдайдатөраға орынбасары басқарады.

9. Комиссия мүшелері өтінімдерді қабылдаубарысында алынған мәліметтерді жария етпейді.
10. Сыйлыққа қатысу үшін qazvolunteer.kz бірыңғай онлайн-платформасына мынадайқұжаттарды электронды түрде (DOC, DOCX, PDF форматы) орналастырады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанбойынша тіркеу туралы өтінім;
2) волонтерлік ұйымдар үшін мемлекеттік тіркеутуралы анықтама;
3) қолдау хат пен үміткердің волонтерлікқызметке қатысты жетістіктері туралы анықтама(бар болса);
4) волонтерлік қызметке қатысты марапаттаудипломдарының, грамоталардың, алғыс хаттардыңкөшірмелері (бар болса);
5) волонтерлік қызметке қатысты үміткердіңнемесе үміткер туралы мақалалардың, жарияланымдардың көшірмелері (бар болса).
11. Сол бір үміткер Сыйлықтың бірноминациясынан артық ізденуші бола алмайды. Сыйлыққа ұсынылған үміткерлер туралы жалғанақпарат анықталған жағдайда, ол үміткерлерконкурсқа жіберілмейді.
12. Уәкілетті орган өтінімдерді қабылдауаяқталғаннан кейін күнтізбелік 5 (бес) күн ішіндеСыйлыққа үміткерлердің тізбесін qazvolunteer.kz бірыңғай онлайн-платформасында орналастырады.
13. Сыйлыққа ұсынылған ізденушілердің тізбесіекі кезеңде қаралады.
14. Бірінші кезеңде уәкілетті орган волонтерлердің qazvolunteer.kz бірыңғай онлайн-платформасында ашық онлайн-дауыс беру Сыйлыққа үміткерлердің тізімі орналастырылғанкүннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішіндеөткізіледі.

Онлайн-дауыс беру нәтижелері бойыншаволонтерлердің qazvolunteer.kz бірыңғай онлайн-платформасында үміткерлердің тізімі дауыс саны бойынша жарияланады.

15. Екінші кезеңге әр номинациядан ең көп дауысжинаған 10 (он) артық емес үміткер өткізіледі. Егердауыстар тең болса, екі үміткер де өтеді.
16. Уәкілетті орган онлайн-дауыс беру аяқталғансәттен бастап күнтізбелік бір күн ішінде Комиссия мүшелеріне Сыйлыққа үміткерлердің өтінімдері мен бағалау парақтарын электрондық пошта арқылыжібереді.
17. Комиссия мүшелері Сыйлыққа үміткерлердіңөтінімдерін уәкілетті органнан алған күннен бастапкүнтізбелік 10 (он) күн ішінде дейін зерделейдіжәне осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысанбойынша бағалау парағын толтыра отырып, төмендегі өлшемшарттарға сәйкес 0-ден 5 балғадейін бағалайды:
1) әлеуметтік бағытталған, қоғамдықпайдалы міндеттерді шешуге қосқан үлесі;
2) ұсынылған бағыты бойынша жұмыстәжірибесі;
3) қызметтегі инновациялары;

Әр өлшемшарт бойынша балдар жинақталадыжәне қорытынды балл қойылады.

18. Егер Сыйлыққа қатысуға бір ғана өтінімжіберілсе, онда оны ұсынған үміткер балдықбағалау қолданылмай жеңімпаз деп танылады.
19. Комиссияның үміткерлерге Сыйлықтағайындау туралы шешімі әр номинация бойыншаКомиссия мүшелерінің жалпы бағалау нәтижелерінегізінде Комиссияның отырысында қабылданады.

Балдар тең болған жағдайда төраға дауыс бергеншешім қабылданды деп есептеледі.

Комиссия мүшелерінің жалпы санының кеміндежартысы болса, отырыс заңды деп саналады.

20. Әр номинациядан ең көп балл жинаған үшүміткер жеңімпаз болып танылады.
21. Комиссияның шешімі хаттамамен рәсімделеді, оған Комиссия төрағасы мен мүшелері қол қоядыжәне волонтерлердің qazvolunteer.kz бірыңғайонлайнплатформасында орналастырылады.
22. Уәкілетті орган Комиссияның шешімінегізінде Сыйлықты тағайындауды жүзеге асырады.
23. Сыйлық уәкілетті органның бұйрығыментағайындалады.
24. Сыйлыққа ие болған адамдарға диплом жәнеестелік мүсінше беріледі.

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығынтағайындауқағидаларына

№ 1 қосымша

Сыйлық алуға үміткердің тіркелуөтінімі

1. Толық атауы (заңды тұлғалар үшін)/тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда),

         (жеке тұлғалар үшін) ______________________________________________________________

         ________________________________________________________________________________

2. Номинациясы__________________________________________________________________
3. Әлеуметтік бағытталған, қоғамдық пайдалы міндеттерді шешугеқосқан үлесін сипаттаңыз

         _________________________________________________________________________________

         _________________________________________________________________________________

4. Байланыс телефоны _____________________________________________________________          5. Электронды поштасы____________________________________________________________           Толтырылған күні: 20___ жылғы «____» __________.

         ________________________ ______________________________________________________

                               (қолы)                                       тегі, аты, әкесінің аты(бар болған жағдайда)

Мөрдің орны (бар болған жағдайда)

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығынтағайындауқағидаларына

№ 2 қосымша

Нысан

Бағалау парақшасы

Комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда):

__________________________________________________________________________________

Толтырылған күні_______________ Іріктеуөлшемшарттары:

1. Әлеуметтік бағытталған, қоғамдық пайдалы міндеттерді шешугеқосқан үлесі (нәтиже жоқтығы – 0 балл, төмен нәтиже – 1-2 балл, қанағаттанарлық нәтиже – 3 балл, жақсы нәтиже – 4 балл, кереметнәтиже – 5 балл)
2. Ұсынылған бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі (тәжірибежоқтығы – 0 балл, бір жылдан төмен – 1 балл, 1-ден 2 жылға дейін – 2 балл, 2-ден 4 жылға дейін – 3 балл, 5-тен 7 жылға дейін – 4 балл, 7 жылдан жоғары – 5 балл)
3. Қызметтегі инновациялары (инновация жоқтығы – 0 балл, жобалардағы шешім жаңашылдығы – 1-2 балл, жұмыста жаңатехнологиялар мен әдістерді қолдану және әзірлеу – 3-4 балл, зияткерлік меншіктің болуы – 5 балл)

 

____________

(Қолы)

Ата- Волонтерліктің дамуына Ұсынылған бағыт бойынша жұ- Қызметтегі инноваци- Балдар қо- Түсінікуы қосқан үлесі мыс тәжірибесі ялары сындысы теме

1234567

1.

2.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT