Жыл басынан бері 213 отбасыға тұрғын үй көмегі тағайындалды

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, аз қамтылған отбасыларына коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында тұрғын үй көмегі беріледі.

Атырау облысы бойынша тұрғын үй көмегін тағайындауға берілетін шектің үлесі отбасындағы жиынтық табыстың 5%-ын  құрайды. Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Көңілқос Орысбаев мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметі.  

Тұрғын үй көмегі – коммуналдық қызметтердің ақысын төлеуге, тұрғын үйді ұстауға жұмсалған ақшалай қаражатты мемлекеттің өтеуі. 

- Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін жергілікті өкілді органдар айқындайды. Бұл көмекті тағайындау кезінде отбасыдағы өткен тоқсанның табысы мен өткен тоқсанға төленген шығыстар қаралады. Яғни, тұрғын үй көмегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және тұрғынжайларды пайдаланғаны үшін төленген шығыстар сомасы мен   отбасының осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар белгілеген шекті жол берілетін үлесі арасындағы айырма ретінде айқындалады. Сонымен қатар, тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде отбасының жиынтық табысы ретінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есепті кезеңде алынған табыстың барлық түрлері ескеріледі,-деді, К.Орысбаев. 

Тұрғын үй көмегін алу үшін азаматтар «Электрондық үкімет» порталы  немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы  өтініш бере алады. 

Айта кетейік, өткен жылы облыс бойынша аталған көмек 256 отбасыға берілген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT