Жыл басынан бері 150 мыңнан астам балаға sms арқылы жәрдемақы рәсімделген

Бұл 2021 жылдағы көрсеткеткішпен салыстырғанда екі есе көп.


"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы әлеуметтік салада проактивті қызметтерді белсенді түрде енгізуді жалғастырып келеді. Бұл форматтың арқасында клиенттер ХҚКО-ға бармай-ақ, SMS арқылы бірнеше жәрдемақыны рәсімдей алады. Әлеуметтік саладағы ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі – бала туу және оның күтімі бойынша төленетін жәрдемақыларды ресімдеу. Бала өмірге келгеннен кейін оның анасына жәрдемақы бойынша өтініш беру үшін SMS-хабарлама келеді. Бұл хабарламаға оң жауап беріп, жәрдемақы төленетін банктің шот нөмірін көрсету керек. Ары қарай бала туу және бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақылар проактивті түрде ресімделетін болады. Еске салайық, осы қызметті пайдалану үшін мобильді азаматтар базасында тіркелу керек. Осылайша, 2022 жылдың кейінгі бес айында бала туу және бала күтімі бойынша 152 298 мың жәрдемақы белсенді түрде ресімделді, бұл 2021 жылдағы кезеңмен салыстырғанда 2,2 есе көп (66 894 мың). Айта кетейік, бала туу бойынша жәрдемақы мөлшері балалар санына байланысты. Бірінші, екінші және үшінші баланың тууына байланысты жәрдемақы – 120 840 теңге (2022 жылы 38 АЕК), одан кейінгілеріне – 200 340 теңге (63 АЕК) болады. Жұмыс істемейтін әйелдер үшін бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы:
• Бірінші бала күтімі бойынша – 18 317 теңге (5,76 АЕК);
• Екінші бала күтімі бойынша – 21 656 теңге (6,81 АЕК);
• Үшінші бала күтімі бойынша – 24 963 теңге (7,85 АЕК);
• Төртінші және одан да көп бала күтімі бойынша – 28 302 теңге (8,90 АЕК).
Баланың бір жасқа толғанға дейінгі (босанғаннан кейін) күтімі бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлем жұмыс істейтін әйелдерге ғана тағайындалады. Төлем мөлшері әлеуметтік аударымдар жүргізілген табысқа да байланысты болады. Төлемді есептеу үшін кейінгі 2 жылдағы орташа айлық табысты 0,4-ке көбейтіп, зейнетақы жарналарының 10 пайызын ұстап қалу қажет. Орташа айлық табыс 24-ке бөлінген кейінгі 2 жылдағы барлық ай сайынғы кірістердің сомасы ретінде есептеледі. Бұл ретте табысынан айырылған жағдайда баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты төленетін әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері ең төменгі жалақының жеті еселенген мөлшерінің қырық пайызынан, ал әлеуметтік төлемнің ең төмен мөлшері – бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшерінен кем болмауға тиіс. Жәрдемақы төмендегідей есептеледі: 1. Егер алушының 2 жыл ішіндегі табысының орташа айлық мөлшері 120 000 теңге болса, онда төлем 48 000 теңге (120 000x 0,4) мөлшерінде тағайындалады. Осы сомадан зейнетақы жарнасының 10 пайызы шегеріледі. 2. Егер табыс мөлшері 7 АЕК-ден (2022 жылға 420 000 теңге) асатын болса, онда төлем ең жоғары 168 000 теңге (420 000x 0,4) деңгейде тағайындалады. Осы сомадан зейнетақы жарнасының 10% шегеріледі. 3. Егер табыс 40 000 теңгені құраған жағдайда, онда төлем 16 000 теңге (40 000x0,4) мөлшерінде тағайындалады. Осы сомадан зейнетақы жарнасының 10% шегеріледі. Осы ретте жәрдемақылар ҚР міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын еске саламыз. Бұл қызмет 7 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT