Жыл басынан Атырауда 29 жол-көлік оқиғасы орын алды

Тәртіп сақшылары балаларды жол қозғалысы ережесін сақтауға шақырады. Бұл туралы Атырау полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Атырау қаласында жол оқиғасы былтырғымен салыстырғанда 59,1% азайды. Ал жыл басынан қала аумағында 29 жол-көлік оқиғасы тіркеліп отыр. Былтыр осы мерзімде 71 оқиға орын алыпты.

Жол-көлік оқиғаларының үшеуі балалардың қатысуымен болған. Мысалы, 21 мамырда қаладағы Тайманов көшесінде орналасқан дүкендердің бірінің ауласында "Газель" автокөлігі қозғалыс кезінде, жүгіріп шыққан 4 жастағы баланы қағып, салдарынан жасөспірім бала дене жарақатын алған.

Полиция қызметкерлері ата-аналарға жазғы каникул күндері балаларды қараусыз қалдырмауды, әсіресе, жол бойында олардың қауіпсіздігіне аса мән беруге, ал балалардың өздеріне велосипедпен немесе жаяу жүрген кезде жол қозғалысы ережелерін сақтап жүруге шақырады.

 

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT