Күні кеше карантин режимі аяқталған Атырауда қауіпті індетке шалдыққандар саны қайтадан көбейіп барады, деп хабарлайды "Хабар 24".
Соңғы екі апта ішінде 27 жағдай тіркелді. Олардың арасында жаңа туған нәресте де бар. Енді карантин режимін қайта күшейту туралы шешім қабылдануы мүмкін. Бұл туралы онлайн брифинг барысында мәлім болды.
Айта кетейік, соңғы тәулікте 35 адамнан ауру анықталды. Екі адам көз жұмды. Бүгіннен бастап санитарлық дәрігерлер карантин сақталған аймақтар мен ауру ошақтарында бақылауды күшейту мақсатында шаралар қабылдады.
Амантай Жұмағалиев, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасын БД басшысының орынбасары:
– Күнделікті тіркеліп отырған ауру саны көбейіп не болмаса, халық арасында ауру санының күрт өсу жағдайы тіркелген болса, онда біздің тарапымыздан да карантиндік шаралар қолға алынады. Сондықтан өз денсаулығымыз өзіміздің қолымызда.