Журналистерге миллион теңге көлемінде сертификат беріледі

Бұған дейін екі жылда бір рет беріліп келген Тауман Амандосов атындағы сыйлық бұдан былай журналистер арасында жыл сайын иегерлерін анықтайтын болады.

Және әр номинацияға 500 000 теңге ақшалай сыйақы тағайындалады. Бұл туралы БАҚ өкілдерін онлайн конференция арқылы жинаған Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мәлімдеді.

«Тауман Амандосов атындағы сыйлық иегерлері бұған дейін 4 номинация бойынша анықталып келген еді. Ендігі жерде номинация саны 10 -ға дейін жетіп отыр. Әр номинация иегеріне 500 000 теңге ақшалай сыйақы беріледі. Бұрын сыйақы көлемі 150 000 теңге болатын. Тағы бір қуанышты жаңалық сол, журналистерге баспана алуға қолдау көрсету мақсатында алғашқы жарна ретінде 1 миллион теңге сертификат беріледі. Аталмыш сертификат бір мезгілде 5 адамға беріледі деп күтілуде» деп онлайн жиын барысында Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мәлімдеді.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

atr.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521