Атырауда татуласу орталығы ашылды

Атырауда татуласу орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жақында Азаматтық іс жүргізу кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілген болатын. Олардың бір бөлімі татуластыру рәсімдерін жүргізуге бағытталған. 22 маусымнан бастап соттар тараптардың талап арыздарын қабылдап, оларды бітімге келтіруші судьяға жібереді. Тараптар проблемалық мәселелерді татуласу арқылы шешуі үшін оған 14 күн уақыт беріледі», - деді Атырау облыстық сотының төрағасы Бауыржан Жұмағұлов.

Орталық жұмысы өткен жылы облыстық соттың базасында пилоттық режимде басталған болатын. Осы уақыт ішінде 2257 іс қаралып, олардың 840-ы сотқа жетпей шешілді. Орталықта азаматтарға медиаторлар, билер, қорғаушылар, прокурорлар, психологтар, нотариустар және бизнес-омбудсмен өкілдері көмек көрсетеді.

Орталық қажетті техникалық құралдармен жабдықталған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT