Жүктеме жеңілдеп, жауапкершілік артылды

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді басты назарға қойды.

Бүгінгі таңда сот және құқық қорғау жүйесіндегі күрделі реформалар – азаматтарымыздың құқықтарын қорғаудың және олардың қауіпсіздігін күшейтудің негізгі факторы болып табылады. Мемлекет басшысы сот шешімдерінің сапасын арттыру үшін бірқатар маңызды шараларды жүзеге асыру қажеттілігін еске салды. Судьялардың заңды және ішкі сенімді басшылыққа алып, шешім шығару құқығын алға қойды.

Сот шешімдерінің сапасын арттыру мақсатында бірқатар шаралар қолға алынды, мұнда сот жүктемесін азайтып, судьялардың сот актісін халыққа түсінікті, нақты қарапайым сөзбен жазылуына және сот актісін халыққа түсінікті етіп жеткізуге мән беріліп отыр. Заңнамадағы барлық қарама-қайшылықтар мен түсініксіз тұстар азаматтардың мүдделерін ескеріле отырып, түсіндірілуі тиіс. Өткен жылы ҚР Азаматтық процестік кодексіне біраз өзгертулер енді. Өзгерістер соттардың жүктемесін едәуір жеңілдетті. Өзгерістерге сай, соттың қаралуына жатпайтын істердің санаттары іріктеліп, оларды сот қарамайтын болды. Мысалы, коммуналдық төлемдер бойынша қарыздар.

Сонымен қатар санкциялауда да біраз өзгерістер енді. Бұрын жеке сот орындаушы банктен банктік құпия болып табылатын мәліметтерді алу, мүлікке тоқтам қою, оны сату секілді және тағы басқа әрекеттер бойынша санкцияны соттан алатын. Ал мүлікке тоқтам қою, сату санкциялары соттан алынып, прокуратураға берілді. Сотта тек азаматтарға республика шегінен шығуға тыйым салу мен сот орындаушылардың жауапкерді күштеп әкелу санкциясы қалды. Себебі, бұл нақты бір адамның жүріп-тұру құқығымен байланысты. Заман талабына сай, жаңа заңдар қабылданып, сот жүйесінің ашықтығы, қолжетімділігі айқындалды.

Соттардың ашықтығы, БАҚ-мен өзара байланысы, сот судьялары мен мамандарының әлеуметтік желілерде, фейсбукте жеке парақшалары ашылып, резонансты істердің халыққа жарияланып, халықпен тығыз байланысты үйлестіріп, қоғамдағы шиеленісті бірге шешудің, құқықтық сауаттылықты арттырудың бірден-бір тетігі болды.

Сот процестерін онлайн режимінде жүргізу де халық үшін өте қолайлы. Себебі, алыс жолда немесе вахталық режимде жұмыс жасайтын, сотқа небір себептермен қатыса алмайтын азаматтар сот отырысына ұялы телефон арқылы «TruefConf» қосымшасын жүктеп алып, кез келген уақытта қатысуға мүмкіндік алды. Қорыта кетсем, заман талабына сай сот реформасы жүз пайызға өзгеріп, халықпен тығыз байланысты орнатып, ашықтықты жариялады, қоғамда болып жатқан барлық өзгерістер халық игілі үшін кеңейтіліп, қолжетімділікті артады деген сенімдемін.

С.Амантаев,

Махамбет аудандық сотының судьясы

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT