Махамбет аудандық сотында талап қоюшы М-ның жауапкер Қ-ға неке бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.
Сот отырысында талап қоюшы М мен жауапкер Қ арасында өсіп келе жатқан балаларының бар екенін, қазіргі кезде өзара татуласқандарын, араларындағы отбасылық келіспеушілік мәселелерді медиация тәртібімен реттеу туралы өтініш хат беріп, медиацияны іс жүргізуінде іс жатқан судьяның өзі өткізуін сұраған.
Сотта тараптар талап қоюшы М-ның жауапкер Қ-ға неке бұзу туралы талап арызымен қозғалған азаматтық іс бойынша дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы тараптардың келісімдері келесі шарттар бойынша бекітілді. Жауапкер Қ талап қоюшы М-дан кешірім сұрап, татуласып, ішкі отбасылық мәселелерді шешу кезінде бір-бірінің пікірін ескеруге міндеттенеді.
Талап қоюшы М жауапкер Қ - мен ішкі отбасылық мәселелерді шешу кезінде бір-бірінің пікірін ескеруге және отбасын сақтап қалу мақсатында татуласып, неке бұзу туралы талаптан бас тартады.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.
Атырау облысы,
Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі
Сурет:дереккөз