Даудың тараптары жанжалды шешудің тиімді әдісін таңдады

Аудандық сотта талап қоюшы ЖШС-і жауапкер Е-ден материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысында тараптар медиация тәртібімен реттеу туралы өтініш хат беріп, медиация іс жүргізуінде жатқан істі судьяның өзі өткізуін сұраған.

Талап қоюшы ЖШС-і жауапкер Е-ден материалдық шығынды өндіру туралы талап арызымен қозғалған азаматтық іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы тараптардың келісімдері бекітіп, жауапкер Е. талап қоюшы ЖШС-не 500 000 теңгені 2020 жылдың 20 ақпанына дейін қайтаруға міндеттеді.

Талап қоюшы ЖШС бұл талаптан бас тартты. Аталған азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521