Жолдаудан күтеріміз мол

Елбасы тәуелсіздік алғаннан бері ел дамуына сүбелі үлес қосып келді.

Біз Елбасы салған сара жолмен жүріп келеміз. Күні кеше ҚР Президенті Қ.Тоқаев өз халқына жолдауын жолдаған болатын. Жолдауда еліміздің дамуына арналған бірнеше бағыттарды атап өтті.

Президент Қ.Тоқаев бес тараудан тұратын жолдауда саяси реформалар туралы да айтты. «Елдің қоғамдық саяси өмірін жаңартпай, экономикалық реформаларды табысты жүргізу мүмкін емес» деген ол «елде көппартиялы жүйені және партиялар арасындағы бәсекелестік пен плюрализмді дамыту керегін» сөз етті.

Мемлекет басшысы қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі жеткенін мәлімдеген болатын. Сондай-ақ шикізатқа байланған менталитеттен бас тартып, экономиканы әртараптандыру қажеттігін айтты.

Мемлекетіміз үшін жарияланған бірнеше тың идеялардың жүзеге асуына халық та өз септігін тигізеді деген сенімдемін.

А.Сарсенгалиев, Қ.Қалыбеков атындағы

Сарытоғай орта мектебінің

тарих пәні мұғалімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521