«Бекіре-2019» іс-шарасы басталды

2019 жылдың 10 қыркүйегінен бастап 31 қазанға дейінгі мерзім аралығында балық пен балық өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге бағытталған «Бекіре-2019» жедел-профилактикалық іс-шарасының күзгі кезеңін өткізу көзделуде.

Атырау ОПД-ті бастығының 29.08.2019 жылғы №480 санды бұйрығын, ОПД-нің негізгі ұйымдастырушылық жоспарының 48 тармағын орындау мақсатында Жайық-Каспий бассейні аумағында табиғатты қорғау, басқа құқық қорғау органдарымен бірлескен «Бекіре-2019» жедел-профилактикалық іс-шарасының күзгі кезеңін табысты өткізу мақсатында Махамбет аудандық полиция бөлімінің бастығы А.Закариевпен 05.09.2019 жылы №153 санды бұйрығы шықты.

Аудан көлемінде ағымдағы жылдың 10 қыркүйек- 31 қазан аралығында балық пен балық өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге бағытталған «Бекіре-2019» жедел-профилактикалық іс-шарасының күзгі кезеңін ұйымдастыру кезінде орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлерімен бірлескен мобильдік топтар құрылып, заңсыз балық аулау фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.

Учаскелік полиция инспекторларының және қоғамдық тәртіпті сақтау қызметіне түсетін жол-патрульдік полициясы қызметкерлерінің назарын Махамбет ауданындағы Жайық өзенінің жағалауында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз аулау әрекеттерінің жолын кесу міндеттері жүктелді. Әуесқой балық аулаушылардың назарына: әуесқойлық (спорттық) балық аулау бір балық аулаушыға бес данадан аспайтын ілмектері бар қармақтардың барлық жүйелерімен және атауларымен (жылтырауық, қармақ, жыртқыш балықтарды аулауға арналған қармақтар, спиннингтер), суасты аңшылығына арналған қарумен, сондай-ақ бір балық аулаушыға 5 кг-ға дейін су жануарларын аулауға рұқсат етіледі. Осы балық аулау тәртібі бұзылған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ҚР ӘҚБтК-нің 383 бабының 1,2,3 бөлімдерінде көзделген айыппұлдар салынатын болады. Ал бекіре тұқымдас балықтарды аулауға мүлдем рұқсат жоқ, бұндай факті анықталып, ұсталған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

А.Умирзаков, Махамбет аудандық полиция

бөлімі Жергілікті полиция қызметі

бөлімшесінің учаскелік

полиция инспекторы, полиция майоры

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521