Жолдаудан күтеріміз көп

Күні кеше ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын «Жауқазын» бөбекжайының қызметкерлері де тыңдап, қызу талқылады.

Жолдауда мемлекеттік тіл, ұлтаралық қатынас, жалпы қоғам әлеуметтік аз қамтылған отбасылар, мемлекеттік қызмет т.б. көптеген тақырыптар қозғалды. Сонымен қатар алдағы уақытта еліміздің тарихында есімдері елеулі болып қалған әл-Фараби, Ұлы Абай сынды даңқты аталарымыздың мерейтойларына арналып, түрлі шаралар өтетіндігі көңілімізге жағымды әсер етті.

Мемлекет басшысының осындай елеулі сәтте мұғалімдер мәселесін де қозғап, «Педагогтардың мәртебесі туралы» жаңа заңның қабылданатынын жариялағаны балабақша ұжымның педагогтар қауымын ерекше қуантты. Үкімет тарапынан осындай жылы көзқарас пен қолдауды сезінгенімізге қуаныштымыз.

С.Дүйсенова,

«Жауқазын» бөбекжайының

уақытша меңгеруші міндетін атқарушы

Cурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521