Болашаққа үлкен сеніммен қараймыз

Президент- мемлекет бірлігі мен ел ішіндегі айқын мәселелерді шешетін бірден-бір тұлға.

Осы тұста ел тізгінін алған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының алғашқы Жолдауы мені бей-жай қалдырмады. Жолдауда көрсетілген басты бағыттардың, алға қойылған жоспарлардың барлығын былай қойғанда мені білім саласына қатысты бөлімдерді басқару және бюджет қаржысын әкімшілендіру функцияларын аудандық деңгейден облыстық деңгейге беру, білім берудің барлық деңгейінде дербес қаржыландыру тәртібін енгізу, оқулық сапасының төмендігі, оқушыларды сапалы оқулықтармен қамтамасыз ету, ғылым саласындағы ахуалға ерекше назар аудару секілді бөлімдері мұғалімдер жұмысының алға жылжуына септігін тигізетін бірден-бір жол деп ойлаймын.

«Біз ғылымсыз еліміздің дамуын қамтамасыз ете алмаймыз» деп еліміздің дамуын білім- ғылыммен байланыстырған сөздің өзі үлкен мән-мағынаға ие. Халқына мол жауапкершілік жүктеген Мемлекет басшысының Жолдаудағы әр сөзіне сеніммен қарай отырып, болашағымыз дамыған елдердің әл-ауқатымен теңесетініне сеніммен қараймын.

Г.Нұфтоллина,

жас маман, Қ.Ахмедияров

атындағы орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521