Жолдауда заман талабына сай өзекті мәселелерді қамтыған

Президентіміздің жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын барлық елмен бірге асыға күтетіндердің бірі- ұстаздар қауымы.

Өйткені, қоғамда республикамыздағы білім саласына байланысты қалыптасқан түрлі пікірлердің бар екені анық. Биылғы Жолдауда Президент Қ.Тоқаев еліміздің бюджеті екі негізгі мақсатқа, атап айтқанда экономиканы дамыту және әлеуметтік мәселелерді шешуге басымдық бере отырып, әлеуметтік сала бойынша білім беру сапасын жақсартуға, мәдениет қызметкерлерін қолдауға, медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету сияқты халықты әлеуметтік қорғауға қатысты мәселелерді шешуге жұмсалуы тиіс деген болатын.

Бала - біздің болашағымыз десек, олардың білімі, тәрбиесі ұстаздарға тікелей байланысты екені рас. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы" дегендей, болашаққа жол сілтейтін мұғалімнің еңбегін лайықты бағалау, мұғалімдер мен оқытушылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, ұстаз мәртебесін көтеру – өте маңызды міндет. Сондықтан Президент төрт жыл ішінде педагогтардың жалақысын екі есеге арттыруды кезең-кезеңмен орындауды тапсырды. Салауатты, дені сау, белсенді жастар – қоғамның қозғаушы күші.

Осы мақсатта «Дипломмен-ауылға!» бағдарламасына, бұқаралық спортты дамытуға, әлеуметтік осал топ отбасыларынан шыққан дарынды балаларды қолдауға қаржы бөлуді әрі қарай жалғастырып, қазіргі қоғамда ең өзекті мәселеге айналған балалар мен жасөспірімдер арасындағы зорлық- зомбылықтың алдын алу, оларға қауіпсіз орта құру маңыздылығын баса атап өткен-ді. Ел тағдырына жаны ашитын әрбір азаматты мерейлі мекенімізді өркендету жолында бірлесіп, жұмыс жасауға шақырды.

Жолдаудағы тапсырмаларды Қосарал орта мектебінің ұстаздары толығымен қолдайды және мектептің кәсіподақ комитеті де тапсырмаларды іске асыруға тікелей атсалысады.

С.Қабазова,

Қосарал орта мектебі бастауыш

кәсіподақ ұйымының төрайымы

Cурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT