Ел бірлігі-ең асыл қасиет

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың халыққа жолдаған жолдауын «Алтын-Ай» бөбекжайы ұжымы да қызу қолдайды.

Жолдаудың негізгі бағыттары бұған дейін ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың ұсынған 2050 стратегиясына және Ұлт жоспарына сәйкес бірқатар құрылымдық міндеттерді іске асыруға бағытталған.

Біріншіден, идеология туралы, «Нұр Отан» партиясының қазіргі беделі, негізгі бағыты халықтың ішінде рухани тәрбие мен идеология қалыптастыру, сондай-ақ көптеген мәселелерді халықпен санасу керектігі сөз етілді. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналуы жөнінде айтылған болатын.

Сонымен қатар білім беру сапасын жақсартуға аса мән берілді. Ұстаздардың мәртебесін көтеріп, келесі жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға өсетінін де еске салды.

Елбасының «Ел бірлігі-ең асыл қасиет» деген қанатты сөзі- біздің айнымас қағидамыз.

Ш.Каримова,

«Алтын-Ай» бөбекжайының тәрбиешісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT