Жолдау – жаңғырудың жаңа бағыты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жариялады. Президент сөзі – ел дамуының болашақ жолын айқындайтын, әрбір қазақстандыққа бағыт-бағдар беретін тарихи құжат.

Бұл Жолдау – қоғамның басты мәселелерін қамтыған ауқымды бағдарлама.

- Әлеуметтік әділеттілік пен азаматтардың әл-ауқатын арттыру,

- Экономикалық өсім мен жаңа жұмыс орындарын ашу,

- Саяси тұрақтылық пен ұлттық бірлікті нығайту – басты міндеттердің қатарында.

Мемлекет басшысы: «Әрбір бастаманың түпкі мақсаты – халықтың тұрмысын жақсарту» деп атап өтті.

Жолдаудың ерекшелігі – нақты іс-қимылдарға негізделгенінде. Білім беру, денсаулық сақтау, цифрландыру, энергетика қауіпсіздігі, бизнесті қолдау бағыттары айқын көрсетілді. Әсіресе жас ұрпақтың сапалы білім алып, заман талабына сай тәрбиеленуі – мемлекеттің басты құндылығы екені ерекше айтылды.

Осы тұрғыдан алғанда, Жолдау – елдің ертеңіне деген сенімді нығайтатын құжат. Егер әр азамат өз ісінде табандылық танытып, ортақ іске үлес қоссақ, Қазақстан жаңа биіктерді бағындырады.

ҚҰРАЛАЙ ТАЙШҰНАҚОВА,

Махамбет ауданы 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT