Махамбет ауданында ағымдағы жылы 15-16 қараша күндері аралығында республикалық «Жолда қабылдау» кең ауқымды акциясын өткізу жоспарлануда.
Жалпы акция 2019 жылдың 20-21 желтоқсан, 2020 жылдың 17-18 қаңтар, 14-15 ақпан, 13-14 наурыз, 17-18 сәуір аралығында өткізілетінін де қаперлейміз. Бұл акцияның мақсаты- азаматтардың құқықтық сауатын, олардың жол қауіпсіздігі ережелерін сақтаудағы жауапкершілігін арттыру, тұрғындарға құқықтық көмек көрсету болып табылады. Әрі қоғам мен билік арасындағы байланыс алаңын кеңейту, азаматтардың жеке түсініктері мен жауапкершіліктерін сезіндіру еді.
Сонымен қатар мемлекеттік құрылымдардың қызметіне қоғамдық бақылауды күшейту, партия мен халық арасындағы байланысты нығайтуды көздеді.
Акция бөлімнің ғимаратындағы арнайы бөлмесінде Махамбет ауылы, Жеңістің 50 жылдығы көшесі, 27-де азаматтарды қабылдайды. Сондай-ақ Махамбет аудандық «Нұр Отан» партиясының қабылдау учаскелерінде де азаматтарды қабылдау акциясы өткізілетінін еске саламыз.
Акция шеңберінде өткізілетін іс-шараларды жариялау БАҚ-да, оның ішінде акция өткізілетін жерден тікелей эфир арқылы кеңінен құлақтандыру қамтамасыз етіледі.
С.Абатұлы,
ӘПБ бастығы,
полиция майоры
Сурет:ашық дереккөз