Жол-көлік оқиғасын жасап, айыппұл арқалады

Көлікті құжатсыз басқарып, жол-көлік оқиғасын жасаған.

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610-бабының 3-бөлігімен азамат Б.Е-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, 2020 жылғы 6 тамызда 01 сағат 30 минут шамасында Б.Е. көлік құралын басқарып, Атырау-Индер тас жолының 90 шақырым тұсында басқару жүйесін игере алмай, қарсы бағытқа шығып, өз жолында келе жатқан Т-ның басқаруындағы көлік құралының сол жақ жағына соқтығысып, осы көліктің артынан келе жатқан М-ның басқаруындағы көлік құралына соқтығыс жасаған, нәтижесінде жәбірленушілердің көлік құралдары бүлініп, оларға материалдық залал келтiрілген және жүргізуші Б.Е. жүргізу куәлігін мүлдем алмаған.

Сот отырысында Б.Е. өзінің әкімшілік құқық бұзушылық жасағанын мойындап, көлігін жүргізу куәлігінсіз басқарғанын мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкінетінін айтып көрсеткен.

Ал , «WhatsApp»-желісі арқылы байланысқа шыққан жәбірленушілер Атырау-Индер тас жолы арқылы келе жатқан кезінде 77 шақырым тұсында, көлік құралының сол жағынан бастап артына дейін соқтығыс жасап, орын алған соқтығыс салдарынан келтірілген залал өтелмегендігін, айтып көрсеткен.

Сот қаулысымен Б.Е. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 610-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны бойынша кінәлі деп танылып, оған 116 676 теңге әкімшілік айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды. Сот қаулысы заңды күшіне енген.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT