Қарыз өндіру туралы дау медиация тәртібімен реттелді

Махамбет аудандық сотында талап қоюшы А-ның Д-дан қарызды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, талапкер жауапкерге 2018 жылғы қарыз беру туралы шарт және 2018 жылғы 15 қазандағы қызмет көрсету шарты бойынша берешекті өндіріп алу туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Істі сот талқылауына дайындау барысында тараптардан арыз келіп түсті, онда олар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасағанын, осыған байланысты істі тоқтатуды сұраған.

Сот тараптар арасында жасалған дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітіп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT