«Жол активтері сапасы ұлттық орталығы» РМК Атырау облыстық филиалына жаңа директор тағайындалды

Енді Атырау облыстық филиалын 13 жылдан астам уақыт жол саласында еңбек еткен Дархан Сайлауов басқарады.

Бүгін іс-сапармен Атырауға келген орталық бас директорының орынбасары Арман Қайырбеков ұжымды жаңа директор Дархан Сайлауовты тағайындау туралы бұйрықпен таныстырды.

Дархан Серікұлы Сайлауов Қарағанды облысында дүниеге келген. Ол Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті және М.Тынышпаев атындағы көлік және коммуникация академиясының түлегі.

"Көлік құрылысы" мамандығы бойынша техникалық ғылымдар магистрі. Д.Сайлауов алғашқы еңбек жолы 2009 жылы "Сейсер" ЖШС-де жол шебері болып бастаған. 2015-2019 жылдары "Казахдорстрой" ЖШС-де жол шебері, учаске бастығы 2019 жылдан 2022 жылдың қыркүйегіне дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Жол активтері сапасы ұлттық орталығы" РМК сапа департаментінің директоры қызметтерін атқарған.


 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT