Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары 45 күнге созылады

Атырау мұнай өңдеу зауытында технологиялық қондырғыларды жөндеу жүргізіліп жатыр. Оның ішінде каталикалық крекинг процесі жүретін күрделі қондырғыны жөндеу 45 күнге созылады.

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 қазаннан бері алғаш рет технологиялық құрылғыларды кезекпен жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

«Қондырғыларды кезекпен жөндеу мұнай өнімдерін шығаруды тоқтатпауға мүмкіндік береді. Жөндеудің мұндай тәсілі Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарында бұрын-соңды қолданылмаған. Бұл – Атырау мұнай өңдеу зауытының тарихындағы ең күрделі жөндеу. Зауытта бұған дейін мұндай көлемдегі жөндеу жұмыстары болған емес. Жөндеу ұзаққа созылады. Құрылғылардың кейбірі 20 күнге жуық мерзімде жөнделеді. Ал, каталитикалық крекинг процесі жүретін ең күрделі қондырғы 45 күнге жуық уақыт жөндеуде болады. Біз тізбекті жөндеу тәсілін қолданудамыз», -деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ мұнай өңдеу және мұнайхимия департаментінің директоры Дмитрий Макеев.

Оның айтуынша, мұнайды бастапқы өңдеуге арналған екі қондырғы бар. Технологиялық қондырғылардың бір тізбегі жөндеу тоқтатылғанда, екінші тізбегі жұмыс істейді. Сол себептен, зауыттың жұмысы толық тоқтатылмайды. Жөндеу кезінде зауыт 50-70%-ға тең қуатпен өнім шығаруды және жөнелтуді жалғастыра береді.

«Алдағы уақытта зауыт жөндеуді кезең-кезеңімен, бір жылда бір тізбекті жөндеуден өткізуді жоспарлап отыр. Жөндеудің мұндай жүйесі мұнай өңдеу көлемін ұлғайтып, өнімдер санын арттыруға мүмкіндік береді. Осылайша АМӨЗ ішкі жанар-жағармай нарығына әсерін азайтып, жөндеу жұмыстары кезінде әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдерін шығаруды қамтамасыз етпек», -деп мәлім етті Дмитрий Макеев.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз