1 шілде күні сағат 22:35-те жоғалып кеткен азамат үйден белгісіз бағытқа кетіп, қайтып оралмаған.
Ағымдағы жылғы 6 шілдеде сағат 12:15-те Атырау қаласының Береке шағын ауданында 1979 жылы туылған азамат А.У. Дүйсембиевтің жоғалып кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті.
Жолдасының айтуы бойынша, 1 шілде күні сағат 22: 35-те жоғалып кеткен азамат үйден белгісіз бағытқа кетіп, қайтып оралмаған. Қазіргі уақытта іздестіру жұмыстарын Атырау облысы ТЖД "Жедел-құтқару жасағының" 10 қызметкері, 2 бірлік техника және 1 кинологиялық есебі жүргізуде. Егер сіз осы адамды көрсеңіз немесе ол туралы қандай да бір ақпарат болса, сізден "112" немесе 45-00-00 нөміріне қоңырау шалуыңызды сұраймыз.
Құрметті Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Үйден шықпас бұрын, туған-туыстарыңызға қай жерге баратыныңызды және қайту уақыты туралы хабарлаңыз. Мұндай жағдайда, егер оқыс оқиға орын алса, "жедел құтқару жасағы" тез арада іздестіруді бастай алады!