Атырауға қажетті дәрі-дәрмектер жеткізілді

Дәрілік препараттар қаладағы қоймалардың біріне түсірілді.

Бүгін Атырауға соңғы күндері дәріханаларда тапшы болып кеткен дәрі-дәрмектер тиеген арнайы жүк көлігі Алматы қаласынан жетті, - деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Ержан Әбілханов: «Бірнеше күн бұрын облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов дәрі тапшылығын жедел түрде шешуге қатысты тиісті тапсырма берген болатын. Соған сай, Алматыдан қажетті дәрі-дәрмектердің түрлерін шұғыл түрде жеткізілуін қамтамасыз еттік. Сонымен қатар, дәрілер дәріханаларға бұрынғы бағасымен беріледі. Ал дәріханалардың оларды қымбаттатып жібермеуі қатаң қадағаланады», -деді.

d

"INKAR" ЖШС Атырау филиалының директоры Светлана Липатованың айтуынша, дәрі-дәрмектің 430 түрі әкелінген. Оның 50 - ге жуығы қазір тапшы болып тұрған антибиотиктер, азитромицин, цефазолин, цефтриаксон және инъекцияға арналған лидокаин ерітіндісі сынды препараттар.

- Аса қажетті дәрі-дәрмектердің Алматы қаласынан жылдам жеткізілуіне қала әкімдігі логистика жағынан қолдау көрсетті. Әйтпесе, теміржолмен келер болса, өте көп уақытты алар еді. Әкелінген дәрілік өнімдер ертеңнен бастап облыс орталығынан өзге аудан орталықтарына да жеткізіледі. Бұл партия облыстың сұранысын қамтамасыз етеді деп айтуға болады,- дейді компания өкілдері.

dari673

Атырау облысының әкімдігі қажетті дәрі-дәрмектерді облыстың барлық дәріханаларына жеткізуді ұйымдастырып, бақылауында ұстайды.

Сондай-ақ, алдағы уақытта препараттардың бағасының белгіленген мөлшерден аспауын қадағалау және олардың әр адамға тиесілі мөлшерден артық сатылмауына қатысты облыс әкімдігі мен Атырау облысы фармацевтика саласында еңбек ететін жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қауымдастығы «ФармҚауымдастық» қоғамдық бірлестігі және ҚР Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті меморандумға қол қояды деп жоспарланып отыр.

Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521